Синкретизм

Синкретизм – әртүрлі діни нанымдардың, ілімдер мен дәстүрлердің бірігіп, жаңа діни жүйеге немесе көзқарасқа айналу құбылысы. Гректің «synkretismos» (бірігу, қосылу) сөзінен енген бұл құбылыс әртүрлі мәдениеттер тоғысқан кезде жиі кездеседі. Мысалы, қазақ халқының ислам дінін қабылдай отырып, оны ежелгі салт-дәстүрлерімен (бата беру, жеті шелпек тарату) үйлестіруі осыған жатады, бұл дінді халықтың менталитетіне жақындата түседі.

Copyright © 2026 ж. Барша құқықтар заңмен қорғалған