Ресми имамдар ашық жұмыс істейді, уағыздарын мешіт мінберінде, ресми шараларда айтады және қоғамның бірлігін, Отанды сүюді, ата-ананы құрметтеуді насихаттайды. Ал теріс ағым өкілдері жасырын (құпия) чаттарда уағыз айтады, адамды эмоционалды түрде билеп-төстеуге тырысады, қорқыныш сезімін ұялатады және айналасындағы адамдардан (тіпті отбасынан) бөлініп, оқшаулануға шақырады.