Айқай-шу шығарып, бірден үйден қуып, қаталдық таныту кері әсер беруі мүмкін. Себебі радикалды топтар оған «сені жақындарың дін ұстанғаның үшін түсінбей жатыр» деп, одан сайын өздеріне тартып алады. Ата-ана сабырлықпен, жылылықпен сөйлесіп, мәселені тереңдетпей, Дін істері басқармасы жанындағы Оңалту орталықтарының кәсіби теологтары мен психологтарының көмегіне жүгінуі қажет.