Адамның мінезі күрт өзгереді: бұрын араласып жүрген достарынан бас тартады, теледидар көруді, музыка тыңдауды күнә санап, үйдегі туыстарының дайындаған тамағын «адал емес» деп жеуден бас тартуы мүмкін. Сондай-ақ отбасылық жиындарға, туған күн немесе ұлттық мерамдарға қатысуды доғарады және өзі секілді «жаңа ортамен» ғана құпия байланыста болады.