Деизм

Деизм – құдайды әлемнің жаратушысы ретінде мойындайтын, бірақ оның табиғат пен қоғамның одан арғы даму барысына тікелей араласпайтынын тұжырымдайтын бағыт. Латынның «deus» (құдай) сөзінен шыққан бұл ілімде Құдай әлемдік сағатты жасап, оны бұрап қойған ұлы ұста ретінде елестетіледі. Яғни, Жаратушы ғаламды барлық заңдылықтарымен бірге жаратқанмен, ол енді өздігінен жұмыс істейді деген ұғым ғылым мен дінді ұштастыру мақсатында кеңінен таралды.

Copyright © 2026 ж. Барша құқықтар заңмен қорғалған