Мұндай жағдайда еліміз бойынша тұрақты жұмыс істейтін «114» қауырт желісіне (қоңырау шалу тегін) хабарласып, мамандардан құпия түрде кеңес алуға болады. Сондай-ақ жергілікті Дін істері басқармасына немесе құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Бұл — ол адамды жазалау емес, оның үлкен қылмысқа ұрынып, өмірін қор қылмауының алдын алу (құтқарып қалу) болып табылады.