Прозелитизм

Прозелитизм – адамдарды өз дініне кіргізуге, өзге сенімдегілерді немесе атеистерді өз көзқарасына тартуға бағытталған мақсатты және белсенді іс-әрекет. Гректің «proselytos» (келімсек, жаңа сенімге өткен адам) сөзінен шыққан бұл әрекет көбінесе уағыз айту немесе діни әдебиеттер тарату арқылы жүзеге асады. Зайырлы қоғамда басқалардың сеніміне құрметпен қарау маңызды болғандықтан, қоғамдық келісімге сызат түсірмеу үшін агрессивті үгіт-насихатқа заңмен шектеу қойылады.

Copyright © 2026 ж. Барша құқықтар заңмен қорғалған