Ресми мешіт имамдары мен деструктивті ағым өкілдерінің уағыздау әдістерінде қандай басты айырмашылықтар бар?

Ресми имамдар ашық жұмыс істейді, уағыздарын мешіт мінберінде, ресми шараларда айтады және қоғамның бірлігін, Отанды сүюді, ата-ананы құрметтеуді насихаттайды. Ал теріс ағым өкілдері жасырын (құпия) чаттарда уағыз айтады, адамды эмоционалды түрде билеп-төстеуге тырысады, қорқыныш сезімін ұялатады және айналасындағы адамдардан (тіпті отбасынан) бөлініп, оқшаулануға шақырады.

Copyright © 2026 ж. Барша құқықтар заңмен қорғалған